Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді

0
3 770

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі.


Қасым-Жомарт Тоқаев

фото: ашықдереккөзден алынған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады.", - деп жазады президенттің баспасөз хатшысы.