Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады.
Бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Келіссөз барысында екі ел арасындағы көпжоспарлы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары қарастырылады.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Бұл шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 18:00-ден кейін «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.