Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді», - деп жазды ақпарат көзі.
Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.