Қасым-Жомарт Тоқаев желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады

0
520

Мемлекет басшысы жалған ақпаратты елді адастыруы мүмкін екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде билікті сынайтындарға ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның пікірінше, Nur Otan партиясы өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түскені жөн.

"Жылдар бойы үнсіз болған саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар қазіргі жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жайлап алды деуге болады. Неше түрі қауесеттер, жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс XXII съезінде.

Президент осыған байланысты халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту керегін атап өтті.