Қатты дауыл: Таразда үстіне ағаш құлаған жасөспірім көз жұмды

0
704

​Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.


Қатты дауыл: Таразда үстіне ағаш құлаған жасөспірім көз жұмды

ERNUR.KZ. Таразда 12 жастағы жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия бүгін 13.30-да болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Бала анасымен бірге Төле би даңғылындағы "Арбат" паркі аялдамасында автобус күтіп тұрған.
"Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады департаментте.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаны толық және жан-жақты тергеуге бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.
Бүгін Таразда қатты дауыл, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді.