Елбасы және ҚР Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының шешімдерімен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар қызметкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты: Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен; Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Елбасының шешімімен Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне; Данияр Нұрашұлы Есин Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.