Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді

0
605

Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды.


Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді

ERNUR.KZ. Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті, іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген «Нартай» фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды.

Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.

«Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмін алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім», - дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.

Африкалық көрермен қазақ киносының деңгейін жоғары бағалады, ал индустрия мамандары серіктестік орнатуды ұсынды.

"YARHA фестивалімен серіктестік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін, бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәдени дипломатия жалғасуы керек. Біз қазақстандық картиналардың Марокко, Тунис, Сенегал және Конго елдерінде көрсетілгенін қалаймыз", - деп атап өтті Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.

Камерундағы отандық фильмдердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды.

Бұл - Африкадағы алғашқы осындай ауқымды шара.