«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы тарады

0
1 082

Коалиция құрылғаннан бергі 8 жылдың ішінде »Қазақстан- 2050« даму стратегиясын қолдау үшін еліміздің жетекші қоғамдық күштерін Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік бағытын жақтаушыларды өз жанына топтастырды.


«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы тарады

ERNUR.KZ. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы бүгін аталған коалицияның соңғы отырысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп жазады baq.kz.

«Коалиция құрылғаннан бергі 8 жылдың ішінде »Қазақстан- 2050« даму стратегиясын қолдау үшін еліміздің жетекші қоғамдық күштерін Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік бағытын жақтаушыларды өз жанына топтастырды. Осы жылдардың ішінде коалиция жалпыұлттық диалогты қамтамасыз етудің және ел дамуының маңызды мәселелері бойынша мәселелері бойынша ортақ мәміле тетігінің құралына айналды», - деді ол.

Оның айтуынша, осы кезеңде 20-дан астам мәжіліс өткізіліп, онда өзін-өзі басқаруды дамыту мен әкімдерді сайлау бойынша реформалар, Еуразиялық экономикалық одағын құру, Қазақстан - 2050 стратегиясының жүзеге асырылу барысы және Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары кеңінен талқыға түсті.

Отырыс барысында Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы Демократиялық күштердің «Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалициясы жұмысының аяқталуы туралы ұсыныс жасады. Коалиция аясында басталған кең қоғамдық пікірталас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында жалғасын табатын болады.