Қазақстан +77 телефон кодында қалады – министр

0
462

БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады.


Қазақстан +77 телефон кодында қалады – министр

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан +997 кодына ауыспайтынын айтты, деп жазады baq.kz.

БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады.

Біз +77 телефон коды ыңғайлы деп ойлаймыз. Мәселен, смартфондағы қосымшаларды ауыстырмау үшін және телефондағы контактілерді өзгертпеу үшін көпшілікке осы код ыңғайлы деп ойлаймыз, – деді ол үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Цифрлық даму министрі +77 коды қала беретінін айтады.

Қанша қаражат кеткенін қазір айта алмаймын. Бірақ телефон коды консультация мен сараптама бойынша +77 дұрыс деп шештік, – деді Жаслан Мәдиев.