Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады?

0
291

Құрылыс бөліп төлеуге де жүзеге асырылыуы мүмкін.


Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады?

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстандағы АЭС құрылысын қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Оның айтуынша, құрылыс бөліп төлеуге де жүзеге асырылыуы мүмкін.

"Қазір кім, қандай елдер салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы оны бөліп төлеу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге шегере алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір мұны нақты айта алмаймыз, өйткені тіпті кім салатыны туралы түсінік жоқ", - деді Қасенов Сенатта өткен брифингте.