Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну бойынша әлемде 10-орында тұр – ДСМ

0
831

Зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді құраған.


Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну бойынша әлемде 10-орында тұр – ДСМ

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу деректері бойынша Қазақстанда темекі шегуді бастаудың орташа жасы 17 мен 18 жас аралығын қамтиды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу (GATS - 2019 жыл) – 21,5% құрайды, бұл ретте ер адамдар арасында – 38%-дан астамы, әйелдер арасында-6,4%-ы темекі шегеді.

«Сонымен 15 жастағы оқушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері бойынша (НВЅС – 2018 жыл) ұлдардың арасында – 10%, қыздардың арасында - 6% темекі шегеді.
Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Осылайша, ұлдардың арасында 15 жасында қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%, қыздардың арасында - 6% құрайды», - деді министр.

Осы зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литрді, әйелдер үшін – шамамен 9 литрді құрайды екен.

«Өкінішке қарай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады (ДДҰ деректері бойынша Қазақстан әлемде 10-шы орын алады). Көп жағдайда халықтың жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, зорлық-зомбылықтан болған өлім, улану, суға бату және т.б. сияқты сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың салдары болып отыр», - деді Ажар Ғиният.

Бұдан бөлек, Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның дұрыс тамақтанбайтын 21 елінің арасында 9-шы орында тұрғаны белгілі болды.