«Қазақстан барысын» өткізуге бөлінген 1 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны тексеріліп жатыр

0
486

Белгілі болғандай, басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


«Қазақстан барысын» өткізуге бөлінген 1 млрд теңгенің қайда жұмсалғаны тексеріліп жатыр

ERNUR.KZ. «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде», - делінген агенттік хабарламасында.

Белгілі болғандай, басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.