Қазақстан бензинді сыртқа шығаруға тыйым салды

0
959

Биыл жазда шекаралас елді-мекенде тұратын ресейлік жүргізушілер Қазақстан аумағына келіп, бензин таситыны анықталған.


Қазақстан бензинді сыртқа шығаруға тыйым салды

ERNUR.KZ. Қазақстан билігі 2 қарашадан бастап алты айға көліктерге бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салды, деп жазады centralasian.org.

Бұл шектеулер "Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығару жөніндегі" энергетика, қаржы, ішкі істер министріктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ортақ бұйрығында жазылған. Құжат ақпараттық-құқықтық "Әділет" сайтында жарияланды.

Бұл ресейлік және басқа шетелдік жүргізушілердің көліктеріне жанармай құюға тыйым салынады дегенді білдірмейді. Бірақ оларға 20 литрден артық канистрге бензин құюға тыйым салынады.

Биыл жазда шекаралас елді-мекенде тұратын ресейлік жүргізушілер Қазақстан аумағына келіп, бензин таситыны анықталған. Себебі, елде өндірілетін бензин Ресейдікіне қарағанда әлдеқайда арзан болып шыққан.

Сол кезде энергетика министрі Қанат Бозымбаев елде бензин бағасының арзандығынан Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға әкетіліп жатқанын айтқан. Оның сөзінше, әсіресе Ресеймен шекаралас елді-мекенге бензин құйып әкету үшін, күніне мыңдаған ресейлік көлік кіреді екен.