Қазақстан бидай экспорты бойынша 11-орында тұр

0
2 918

Қазақстан ірі бидай экспорттаушы елдердің рейтингісінде 11-орынға тұрақтады


Қазақстан бидай экспорты бойынша 11-орында тұр

ERNUR.KZ. Биыл 7 млн 700 мың тонна астық экспортталмақ. Қазақстан байлығына қай елдер құда түсіп отыр? Қазақстан 2017 жылы ірі бидай экспорттаушы елдердің рейтингісінде 11-орынға тұрақтады, деп жазады 24.kz.

Біздің өнім 660 миллион 800 мың долларға саудаланды. Экспорттың жалпы әлемдік көлемінің үлесі 1 жарым пайыздан. Сандарды сөйлетсек, өткен жылы Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда бидай сату көлемін 47%-ға азайтқанын аңғаруға болады. Бұдан бөлек Франция, Германия, Австралия және АҚШ елдері де 20 пайыздан 50 пайызға дейін төмендеткені байқалады. Соған қарамастан бұл елдер көшбасшылар тізімінде үздік 5-ке кіреді.

Жалпы, әлемдік экспорттың шамамен жартысына жуығын Еуропаға тиесілі. Экспорттың үштен бірі АҚШ пен Канадаға жөнелтілген. Әлемдік нарықтағы бидайдың шамамен 12%-дан астамы Австралиядан. 2%-дан астамын Азия елдері тек 0,1%-ын Африка құрлығы жеткізеді. Сарапшылар биыл Қазақстан астығына сұраныс жоғары екендігін айтты. Әсіресе Қытай мен Азия елдеріне экспортталатын өнім көлемі артпақ. Ал осы астықты жеткізу бойынша биыл қиындықтар туындамай ма?

Жауаптылар осы ырысты төкпей-шашпай жинаймыз деп сендіріп отыр. Оған қоса тасымалдау жұмысында қиындық туындамауы тиіс. Себебі «Қазақстан темір жолы» астықты жеткізудің тың тәсілдерін қолданамыз деп отыр. Айтпақшы, компания биыл 456 жүк станциясын автоматтандырды. Қазір тасымалдау жұмыстарын автоматтандырылған жүйе іске асырады. Бүгінде барлық жүк тиеу станциясы толық іске қосылған. Ресей, Қытай, Әзербайжан және Қырғызстан электронды ақпарат алмасуы заңдастырылды. Сонымен қатар 2019 жылы Тәжікстан және Өзбекстанмен электронды ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Қанат Алпысбаев, «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы: - Цифрландыру компания қызметінің барлық бағытын: теміржол инфрақұрылымын, жүк, мультимодельділікті және жолаушылар тасымалын қамтиды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «АСУ» магистраль жобасы аясында 6 мобильді диагностикалық кешенді қамтиды. Оның үшеуі желтоқсан айының ортасында, қалғаны 2019 жылдың ортасында жұмысын бастайды.

4,5 млн қазақстандықтың ипотекалық баспана алуға мүмкіндігі бар. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, жыл сайын елімізде 100 мың пәтер салынады. Бұл 12 миллион шаршы метрге тең. Негізгі көрсеткіштің 40 пайызы Астана мен Алматыға тиесілі. Несиелік баспана бойынша бізде жыл сайын 15-20 мың пәтер салынады. Бүгінде 492 мың адам кезекте тұрса, соның 200 мыңы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына жатады. Тағы 200 мыңы мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері болса, тағы 60 мыңға жуығы жетім балалар мен ардагерлер.

Мархабат Жайымбетов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы: - Несие кімдерге берілмейді деген мәселе көтерілген болатын. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, 18,3 миллион адамның ішінде 13,7 миллионында тиісті шектеулер бар. Атап айтқанда, 3,5 миллион адамда алған несиелері бар. Бұдан бөлек 15 жасқа дейінгі тұрғындар 5,3 миллионды құрап отыр, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,1 миллион, зейнеткерлер – 2,1 миллион, сондай-ақ 250 мың адамда қарыз өтеу мерзімі асып кеткен. Тұрғындардың 500 мыңы студент екенін атап өткен жөн. Сонда 4,6 миллион адам несие алу құқығына ие болып отыр.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы саудасы 419 млрд долларға жетті. Doing Business 2018 рейтингінде 35-орында тұр. 2017 жылмен салыстырғанда 5 позицияға көтерілген. Қаңтар-шілде айларында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара сауда-саттық көлемі 34 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға көп. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында сыртқы сауда 419 млрд долларға жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға артық көрсеткіш. Одаққа мүше елдер болашақта ғарыш, медицина, табиғи ресурстарды өндіру, экология және ауыл шаруашылығы салаларында 130 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Биыл инвесторлардан проблемасын шешуге 37 өтінім түсті. Олардың ішінде бірнеше мәселе инвесторлардың пайдасына шешілді. Бұлар – газдандыру саласындағы ресейлік компаниялардың және Қазақстан мен Германияның ортақ жобалары бар. Бұдан басқа бөлшек сауда саласында қызмет ететін ірі компаниялар желісі өтінім жолдаған. Олардың мәселесі жер телімдеріне қатысты. Тиісті органдар тексеріс жүргізіп, нәтижесінде іс инвесторлардың пайдасына шешілген.