Қазақстан бойынша 9 балалар лагері санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай емес

0
962

9 өтінішке бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылды.


Қазақстан бойынша 9 балалар лагері санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай емес

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы Қазақстан бойынша 160 балаларды сауықтыру ұйымына санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 160 балаларды сауықтыру ұйымы ішінде 157 лагерь жұмыс істейді. Атап айтқанда, Абай облысында – 12, Ақмола облысында – 12, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 14, Атырау облысында – 2, ШҚО-да – 12, Жамбыл облысында – 11, Жетісу облысында – 6, БҚО-да – 13, Қарағанды облысында – 10, Қостанай облысында – 8, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 3, СҚО-да – 10, Түркістан облысында – 17, Павлодар облысында – 7 және Алматы қаласында – 2, Шымкент қаласында – 1.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін тапсырылған 4 өтініш қарастырылу үстінде: Ақмола облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, СҚО – 2.

9 өтінішке қатысты мынадай себептер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылды (Ақмола облысы – 1, БҚО – 4, Түркістан облысы – 4). Атап айтқанда:

  • Ақмола облысында "Самұрық" балаларды сауықтыру орталығы;
  • Батыс Қазақстан облысында Казталов ауданының "Ақкөл" балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы" МКҚК жанындағы лагерь, Казталов ауданының "Ақпәтер" балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы" МКҚК жанындағы лагерь, Казталов ауданының "Ақкөл" лагері, "Атамекен" балаларды сауықтыру лагері" МКҚК;
  • Түркістан облысында "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" сауықтыру лагері, "Ерке" сауықтыру лагері, "Машат-Арасан" сауықтыру лагері, "Алпамыс-М" өңірлік балалар оқу-сауықтыру орталығы.