Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

0
950

Жарты жылдық ауысымнан кейін ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және америкалық Кэтлин Рубинс Жерге оралды.


Қазақстан даласына ғарыш кемесі қонды

ERNUR.KZ. "Союз МС-17" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелерімен бірге Қазақстан даласына сәтті қонды, деп жазады Tengrinews.kz.


"Жерге тиді", - деді Роскосмос директоры тікелей эфирде.


Кемедегі жарты жылдық ауысымнан кейін ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және америкалық Кэтлин Рубинс Жерге оралды. Енді станцияда жеті адам, оның ішінде екі ресейлік ғарышкер қалды.

"Союз МС-17" экипажы 184 күн бұрын ғарышқа аттанған болатын. Экспедиция кезінде ресейлік ғарышкерлер Рыжиков пен Кудь-Сверчков бір рет станциядан ғарышқа шығып, жоспарланған жұмыстардың бір бөлігін орындады. Ол жердегі люк 11 жылдан аса уақыт ашылмаған.

Ал Рубинс жарты жылдық экспедиция кезінде ғарышқа екі рет шықты. Сонымен қатар, ол орбитада жүргенде NASA оны "Артемида" деп аталатын ай экспедициясына дайындалу үшін астронавттар тобына қосты.

Ғарыш кемесі қонған жерге тікұшақтар мен іздеу-эвакуациялау көліктері бет алды. Ресейлік және америкалық ғарышкерлер өз еліне қайтады.