Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын 21 елдің қатарында тұр

0
660

Министр құрамында қанты көп өнімдерді тұтыну деңгейінің күрт артуы алаңдаушылық туғызатынын алға тартты.


Қазақстан дұрыс тамақтанбайтын 21 елдің қатарында тұр

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, саламатты өмір салтының келесі негізгі көрсеткіші – бұл дене белсенділігі, ол орта есеппен 34%-ды құрайды.

Динамикада 2019 жылдан бастап 4%-ға шамамен оң қарқын байқалады. Халықтың ДДСҰ ұсынған норма бойынша тағамға тәулігіне 5 грамм тұз тұтынудың орнына 18 грамм тұз тұтынуының жоғары деңгейін атап өткім келеді. VI Ұлттық өмір салтын зерттеу деректері бойынша көкөністер мен жемістерді тұтыну – тәулігіне 200-230 грамды құрайды, ал ДДСҰ ұсынған норма – тәулігіне 400-500 грамды құрау керек. Қазақстан Орта Азия мен Еуропаның дұрыс тамақтанбайтын 21 елінің арасында 9-шы орында тұр, - деді министр.

Сондай-ақ ол құрамында қанты көп өнімдерді тұтыну деңгейінің күрт артуы алаңдаушылық туғызатынын алға тартты.

2013-2018 жылдар аралығында құрамында қант бар сусындар өндіру көлемінің 25%-ға өсуі және соның салдарынан құрамында қант бар сусындар тұтынудың 13%-ға өсуі байқалады. Балалардың арасындағы семіздікті эпидемиологиялық қадағалау деректері бойынша күн сайын құрамында қант бар сусындарды 6-9 жастағы балалардың шамамен 16,7%-ы тұтынады, - деді ведомство басшысы.