COVID-19 пандемиясымен күресте екі елдің ынтымақтастығы мен өзара табысты іс-қимылын атап өте отырып, С.Бұршақов Президентке Кипр үкіметі мен компанияларының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдірді.
ERNUR.KZ. 5 қарашада Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Елшісі (қызметін қоса атқарушы) Сатыбалды Бұршақов Кипр Республикасының Президенті Никос Анастасиадиске сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, Президент сарайында өткен салтанатты рәсім барысында Елші Н.Анастасиадиске Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілегін жеткізді және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атай отырып, елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
«COVID-19 пандемиясымен күресте екі елдің ынтымақтастығы мен өзара табысты іс-қимылын атап өте отырып, С.Бұршақов Президентке Кипр үкіметі мен компанияларының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдірді.
Президент Анастасиадис елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын дамытуға қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді және Қазақстан Президентін Кипрға сапармен келуге шақырды», - делінген ведомство мәліметінде.