​Қазақстан ірі көлемде түйе және бие сүтін экспортқа шығаруда

0
1 364

Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді.


​Қазақстан ірі көлемде түйе және бие сүтін экспортқа шығаруда

ERNUR.KZ. Бүгін Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпір барысында түйе және бие сүтін экспортқа шығаруға рұқсат берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Құрметті Елбасы! Біздің кәсіпорын түйе және бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін Қазақстандағы жалғыз жоба. Өнімнің 90 пайызы шетелге экспортталатын болады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығының дамуына септігін тигізеді. Біздің жоба - Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Қадірлі Елбасы, инвесторларға көрсеткен қолдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіріп, зауытымыздың экспорттық өнімдерін жөнелтуге рұқсат беріңіз!», - деді «Golden Camel Group LTD» ЖШС зауытының директоры Янг Джи.

Сонымен қатар, телекөпір барысында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС директоры Александр Вязников іске асырылған зауытты таныстырды.

«Біздің жоба трансұлттық Mareven Food Holdings тарапынан жүзеге асырылуда. Оның акционерлері 70-тен астам елде табысты жұмыс істеп жатыр. Ұн өндіру мен азық-түлік өнімдеріне негізделген зауыт қысқа мерзімде салынды. Зауытта 500-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Біздегі өнімнің 80 пайызы Қытайға, Иранға, Ауғанстанға және Орталық Азия елдеріне экспортталады», - деді Александр Вязников.