Қазақстан қаржы министрлігі өз серверінде "заңсыз криптовалюта өндірумен айналысқан" деген ақпарат бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған ақпаратқа қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Қазақстан қылмыстық-процесуалдық кодексіне сәйкес, тергеу барысы туралы ақпаратты тек қылмыстық қудалау органы прокурордың келісімі бойынша бере алады. Сондықтан, жария болған фактіні растауға немесе жоққа шығаруға өкілетіміз жоқ. Сонымен бірге Комитет пен бүкіл Қаржы министрлігінің ақпараттық қауіпсіздігіне қатер жоқ екені туралы хабарлаймыз" делінген министрлік ақпаратында.