Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылыққа үн қосты

0
1 275

Елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосып, Арыс қаласына қайырымдылық көмегін ұйымдастыратынын мәлімдеді.


Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылыққа үн қосты

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан көмек қолын созудан қалыс қалған емес. Бұл жолы да қайырымдылық ісін жалғастырып, қиындықта қалған жандармен бірге болды, деп жазады egemen.kz.

Кешеден бері республикамыз бойынша, «Арыс, біз біргеміз!» атты акцияның бастау алып кеткені мәлім. Осыған орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосып, қайырымдылыққа бағытталған істерді жүйелі атқарып шығуға уағдаласып, Түркістан облысындағы Арыс қаласына қайырымдылық көмегін ұйымдастыратынын мәлімдеді.

Қазірден бастап бұл қалаға жөнелтілетін заттар тізімі жасақталды. Жақын арада бұл күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жиналған бойда, Арыс қаласына жіберілетін болады. Ал дәл кешегі күні «Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Хасан Халматович Шарипов өз жеке қаржысы есебінен Арыс қаласына 22 тонна ұн жөнелтіпті.