«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеден аударды

0
527

Осыған дейін қор қаза болған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 млн ​​теңгеден ақшалай аударым жасаған болатын.


«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасынан зардап шеккендерге 3 млн теңгеден аударды

ERNUR.KZ. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Төлемдер жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан алынған ресми тізім негізінде жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін қор қаза болған 19 адамның отбасы мүшелеріне 7 млн теңгеден және жоғарыда аталған органдардың ауыр жарақат алған 106 қызметкеріне 3 млн теңгеден ақшалай аударым жасаған болатын.