"Қазақстан халқына" қоры тағы бір қымбат дәріні сатып алды

0
542

Zolgensma дәрісін Қазақстанға Novartis компаниясы жеткізген.


ERNUR.KZ. "Қазақстан халқына" қоры қымбат тұратын тағы бір Zolgensma дәрісін сатып алды, деп жазады inbusiness.kz.

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған препарат елде тіркелмеген. Zolgensma дәрісін Қазақстанға Novartis компаниясы жеткізген.

"Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі егілді. Бүгінде бүлдіршін анасымен бірге "Ана мен бала" ұлттық ғылыми медициналық орталығында бақылауда", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры SMA диагнозы қойылған балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған еді.