Қазақстан Халық банкі акциялардың сатылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды

0
842

​Әлеуметтік желіде Қазақстан Халық банкінің Сбербанкке сатылуы мүмкін екендігі туралы хабарлама жарияланған болатын.


Қазақстан Халық банкі акциялардың сатылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Қазақстан Халық банкі стратегиялық серіктеспен акцияларды сату жөнінде келіссөздер жүргізілгені туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазақстан Халық банкі" АҚ кейбір БАҚ-та жарияланған Банктің стратегиялық серіктеспен акцияларды сату туралы келіссөздер жүргізгені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - делінген банк хабарламасында.

Көрінеу жалған ақпарат таратқандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

"Осыған байланысты, жарияланған материалдың сипатын ескере отырып, банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды құқықтарын қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы", - делінген хабарламада.

Банктің резервтері жеткілікті, шетелдік ұйымның қатысуынсыз Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында қаржылық тұрақтылықтың ең жақсы рейтингтеріне ие.

Бұған дейін Желіде Қазақстан Халық банкінің Сбербанкке сатылуы мүмкін екендігі туралы расталмаған хабарлама жарияланды.