​Қазақстан құрамасының бес боксшысы да Болгариядағы турнир финалына шықты

0
1 311

Жартылай финалда жұдырықтасқан бес боксшымыз да жеңіске жетті,


​Қазақстан құрамасының бес боксшысы да Болгариядағы турнир финалына шықты

ERNUR.KZ. Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа- 2019" халықаралық турниріндінің жартылай финалында Қазақстан ұлттық құрамасының бес боксшысы жеңіске жетті. деп жазады Vesti.kz.

Жеңіл салмақта (49 келіге дейін) жұдырықтасатын Теміртас Жүсіпов жартылай финалда аргентиналық Леандро Хосе Бланкты жеңді. Ал финалда үндістандық боксшы Амитпен қолғап түйістіреді.

60 келіге дейін салмақта Закир Сафиуллин қарсыластарын айқын ұтып келеді. Ол жартылай финалда өзбек боксшысы Шункор Абдурасуловпен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жарыстың алтын медалі үшін ресейлік Артур Субханкуловпен жұдырықтасады.

Санатәлі Төлтаев (64 келге дейін) жартылай финалда ол бразилиялық боксшы Вандерсон Оливейраға мықтылығын мойындатты. Финалда Санатәлі де ресейлік боксшымен кездеседі. Қарсыласы - Алексей Мазур.

"Қазақтың салмағында" (69 келіге дейін) Абылайхан Жүсіпов сәтті жұдырықтасып келеді. Жартылай финалда отандасымыз украиналық боксшы Евгений Барабановты айқын жеңді. Финалда Абылайхан өзбек Бобо Усман Ботуровпен жұдырықтасады.

Қазақстандық жанкүйерлер 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левитке сенім артады. Ол жартылай финалда бразилиялық Абнер Жуниорды жеңді. Финалда ресейлік Садам Магомедовпен кездеседі.

Жалпы финалға шыққан боксшылар саны бойынша ерлер арасында Қазақстан құрамасы алда тұр. Ресей мен Өзбекстаннан 4 боксшы финалда жұдырықтасады. Болгария мен АҚШ-тың екі-екі боксшы финалға шыққан. Түркия, Украина мен Үндістаннан бір-бір боксшы турнирдің алтын жүлдесіне таласады.

Финалдық жекпе-жектер бүгін Астана уақытымен 18:00-де басталады.





Айта кетейік, Болгариядағы турнирге Қазақстаннан 10 боксшы аттанған болатын. Анвар Музаппаров (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) пен Бек Нұрмағанбет (81 кг) жарысты ерте аяқтады. Ал команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда сүрінді.