Қазақстан мен Германия арасында әуе рейстері артады

0
497

​Рейстер санын қазақстандық Air Astana мен неміс Lufthansa әуе компаниялары ұлғайтады.


Қазақстан мен Германия арасында әуе рейстері артады

ERNUR.KZ. Биыл шілде айынан бастап Қазақстан мен Германия арасында аптасына 15 рейс ұшады. Оның ішінде Орал – Франкфурт бағыты да бар, деп жазады sputnik.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, 2022 жылғы 15 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Франкфурт бағыты бойынша рейстерді аптасына 5-тен 6 рейске дейін, сондай-ақ 1 маусымнан бастап 6-дан 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Жолаушылар А321LR типті ұшақпен тасымалданады.
Бұдан бөлек, 2 маусымнан бастап Lufthansa әуе компаниясы Франкфурт – Нұр-Сұлтан/Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер санын аптасына 4-тен 5 рейске дейін, 4 шілдеден аптасына 7 рейске дейін ұлғайтады. Әуе жолаушылары А330/А340 ұшағымен ұшады.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ туризмнің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.