Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим бүгіннен бастап күшіне енді

0
940

Қазақстандықтар бұдан былай Қытайда 30 күнге дейін, алты ай ішінде барлығы 90 күнге дейін визасыз жүре алады.


Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим бүгіннен бастап күшіне енді

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді, деп жазады sputnik.kz.

Енді қазақстандықтар Қытайда шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнге дейін, алты ай ішінде барлығы 90 күнге дейін визасыз жүре алады.
Қазақстан мен Қытай азаматтары 10 қарашадан бастап жеке істер, туризм, емделу, халықаралық тасымалдау, іскерлік мақсаттар және транзит үшін визалық талаптардан босатылды.
"Азаматтардың екі мемлекеттің аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен, ал 180 күнтізбелік күн ішінде барлығы 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс", - деп түсіндірді бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
2022 жылы Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 35 пайызға өсіп, рекордтық көлемге — 24,2 миллиард долларға жетті. 2023 жылы өзара сауда тағы 21 пайызға өсті.
Бұған дейін қазақстандықтарға Таиландта 30 күн визасыз жүруге рұқсат берілгені хабарланған болатын. Таиланд билігі бұл 2023 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығында қабылданған уақытша шешім және сынақ ретінде енгізіліп жатқанын мәлімдеді.
Барлығы 50-ден астам елдің азаматтары Таиландта 30 күн бойы визасыз бола алады.