Қазақстан мен Қытай өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті

0
381

Сенатта 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралды.


Қазақстан мен Қытай өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласында ынтымақтастық орнатуға келісті. Тиісті құжат бүгін сенатта ратификацияланды, деп жазады stan.kz.

Бүгін сенатта 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралды.

Жоғарғы палатаның жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету туралы келісімге өзгерістер енгізуді бірауыздан қолдады.

Бұл құжаттың мақсаты – Қазақстан мен Қытай азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету бойынша ынтымақтастықты дамыту.

Хаттамада Қазақстан аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын түсіндіру, сондай-ақ екі тараптың құзыретті институттарын жаңарту қарастырылған.