Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

0
812

Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.


Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство жүк тасымалдаушылар мереке күндері шекарадағы кептелістерге түспеу үшін ауа-райын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын-ала жоспарлап, брондалған күні өткізу пункттеріне келу керектігін айтты.
"Қазақстан - Қытай шекарасында жүк көліктерін өткізу CarGoRuqsat автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде күнін ауыстырып, брондау арқылы жүзеге асырылады", - деп еске салды ведомство.
Мемлекеттік кірістер комитеті мереке күндері шекара жабылатынын айтты.
"2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан - Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.