Қазақстан мен Моңғолия Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеді

0
1 462

Басқосу барысында Алтын Орда тарихына қатысты бірнеше кітаптың таныстырылымы өтті.


Қазақстан мен Моңғолия Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтеді

ERNUR.KZ. Халықаралық Түркі академиясында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған Моңғолия мен Қазақстан өкілдерінің бірлескен іс-шарасы өтті, деп жазады baq.kz.

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Монғолия премьер-министрінің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолияның сыртқы істер вице-министрі Батмөнхийн Батцэцэг, бірқатар ғылыми мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
"Екі ел арасындағы саяси байланыс 27 жылдан кейін жаңа белеске көтерілді. Бұл алдағы уақытта жан-жақты әріптестік байланыстың дамуына тың серпін береді деп ойлаймын. Ал Алтын Орданың 750 жылдығына келер болсам, екі ел ғалымдары, тарихшылар, арнайы мамандардың бірлесе отырып жұмысты тереңдете түседі деген сенімдемін", - дейді Моңғолия премьер-министрінің орынбасары.
Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстанда Алтын Орданың 750 жылдығына орай атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
"Моңғолия екі ел тарихына ортақ мемлекет. Осыған байланысты біз бұған дейін Қырғызстанмен, басқа да елдермен осы жайлы келісімге келгенбіз. Алдағы уақытта Моңғолия тарапы келісімге келсе, Алтын Орда тарихына қатысты зерттеулерді, 750 жылдық мерейтойды бірлесе атқарамыз деген сенімдемін", - деді Бердібек Сапарбаев.
Басқосу барысында Алтын Орда тарихына қатысты бірнеше кітаптың таныстырылымы өтті.