Қазақстан мен Монғолия арасындағы құқық мәселелері жөніндегі байланыс күшейді

0
2 267

Бұл хаттама Қазақстан мен Моңғолия арасындағы құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастықты бекітуге бағытталған.


Қазақстан мен Монғолия арасындағы құқық мәселелері жөніндегі байланыс күшейді

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл хаттама Қазақстан мен Моңғолия арасындағы құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастықты бекітуге бағытталған, сондай-ақ екі елдің азаматтарына азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу саласында құқықтық көмек көрсету мәселелерінде екіжақты әріптестікке жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.

«1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама 2019 жылы 10 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған еді. Бұл құжат екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына өз құқын қорғау үшін соттарға, басқа да құзыретті органдарға тікелей жүгіну жолын қарастырады», - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Хаттаманы Қазақстан Республикасы үшін – Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі, ал Моңғолия тарапынан – Әділет және ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Жоғарғы сот жүзеге асырады.