Қазақстан мен Мысыр авиациядағы ынтымақтастықты нығайтады

0
695

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Азаматтық авиация министрі Мұхаммед Манар Анбамен кездесті.


Қазақстан мен Мысыр авиациядағы ынтымақтастықты нығайтады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Мысыр авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Азаматтық авиация министрі Мұхаммед Манар Анбамен кездесті.

Қайрат Лама Шарифтің айтуынша, бүгінде қазақ-мысыр қарым-қатынасы қомақты құқықтық базаға сүйенеді. Қос ел арасында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең спектрін қамтитын 50-ден аса үкіметаралық және ведомство аралық келісімдер жасалған. 2001 жылғы 11 қарашада Каирде қол қойылған әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылының маңызды құралы болып саналады.

Мұхаммед Манар Анба Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Азаматтық авиация комитеті Мысырға әуе тасымалын қалпына қалтыру жөніндегі шешімін қошеметпен қабыл алғанын атап өтті. Air Astana, SCAT әуе компанияларының Шарм аль-Шейхке рейстерін іске қосуы туристік жолаушылар ағынының көлемін ұлғайтуға, қос ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесу соңында қос ел арасындағы экономикалық байланысты ілгерілету бойынша бірлескен ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.