Қазақстан мешіттерінде жұма намазы уақытша оқылмайды

0
1 045

Төтенше жағдай жариялануына байланысты жұма намазы уақытша тоқтайды. Әркім өз үйінде жұма намазының орнына бесін намазын өтейді.


Қазақстан мешіттерінде жұма намазы уақытша оқылмайды

ERNUR.KZ. Коронавирустың таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Әркім өз үйінде жұма намазының орнына бесін намазын өтейді. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты жұма намазы уақытша тоқтайды. Мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды", - делінген діни басқарма ақпаратында.
Сонымен қатар мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас уақытша тоқтатылады.
"Жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс", - делінген ақпаратта.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге шақырды.