Қазақстан Президенті бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты

0
1 295

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.


Қазақстан Президенті бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің бастығы лауазымынан;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.