Қазақстан президентінің инаугурациясына өзге елдің басшылары келе ме

0
579

Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді.


Қазақстан президентінің инаугурациясына өзге елдің басшылары келе ме

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне басқа елдердің президенттері шақырылған жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Менің білуімше, инаугурация 26 қараша, сенбі күні өтеді. Оған елде аккредиттелген дипломатиялық корпус, яғни елшілер шақырылады. Дәл осындай механизм 2019 жылғы ұлықтау рәсімінде де болды", - деді Василенко мәжіліс кулуарында.

20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Президентіт ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

Сайлау қорытындысы бойынша Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берген.
Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді.