«Қазақстан» шахтасында өрт ошақтары әлі сөндіріліп жатыр

0
590

Қазір шахтаның апаттық участкесінде 13 бөгет тұрғызылды.


«Қазақстан» шахтасында өрт ошақтары әлі сөндіріліп жатыр

ERNUR.KZ. «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы жалғасуда, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

«Қазір шахтаның апаттық участкесінде 13 бөгет тұрғызылды. Тағы 11 бөгет тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда. 27 тау-кен құтқарушы және шахтаның 45 жұмыскері жұмылдырылған. Сонымен қоса, тау-кен құтқарушыларымен өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік өкілдері газ мөлшері бақылауда екенін, жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарламағанын жеткізді.

Еске салсақ, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртеніп, апат болғанын хабарлады. Сол кезде шахтада болған 227 адамның 222-і құтқарылды. 20 тамызда жер астында қалған кеншілерді іздеу жұмыстары тоқтатылды, құтқарушылар қаза тапқан бесінші шахтердің денесін тапты.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апаттың себептерін жан-жақты тексеруді және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Кейін шахтадағы жұмыс тоқтатылды.