Қазақстан соңғы жылдары Ауғанстан мен Сириядан қарыз алған

0
444

Қазақстанның қандай елдерден қарыз алғаны белгілі болды.


Қазақстан соңғы жылдары Ауғанстан мен Сириядан қарыз алған

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 166,7 млрд доллар болды деп жазады Azattyq Rýhy.

Ұлттық Банктің деректері бойынша биыл өткен жылмен салыстырғанда елдің сыртқы борышы 6,9 млрд долларға артық.

Қарыздың ең көп көлемі Нидерланд еліне тиесілі ˗ 44,7 млрд доллар. Бір жыл ішінде мемлекет бұл қарыздың 0,2%-ын ғана қайтарған. Сондай-ақ, Қазақстан Қытай алдындағы берешегінің 4,7%-ын, Жапония алдындағы қарыздың 3,5 пайызын ғана азайта алған.

Қазақстан қарызының үстіне қарыз алған елдердің тізімі де белгілі. Биыл елдің халықаралық ұйымдардан алған қарызы көлемі 15%-ға, Ресейден 8,5%-ға, Бермуд аралдарынан алған қарызы 7,3%-ға, Ұлыбританиядан алған борышы 6,9%-ға өскен.

Сонымен қатар, Виргин аралдарына 2,9 млрд доллар, БАӘ-ге 2,4 млрд доллар, Германияға 2,3 млрд доллар, Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы қарызы 100 мың доллар шамасында.

Қазақстан қарыз алған мемлекеттердің қатарында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Мексика, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты елдер бар.