Қазақстан тағы екі мемлекетке көмек жібереді

0
684

Бұған дейін Қазақстанның Тәжікстанға көмек жіберетіні белгілі болған.


Қазақстан тағы екі мемлекетке көмек жібереді

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді, деп жазады baq.kz.

2020 жылғы 20 шілдеде "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қаулысы жарияланды.

Ауғанстанға 500 көрпе қап, 50 қысқы шатыр, 500 данадан жиналмалы металл кереует, матрас, жастық тыстары, жастық, көрпе, жылы шалбар және мың дана ақжайма, 400 тоқыма бас киім жіберіледі.

Ал Өзбекстанға 600 тонна ұн, 250 тонна қарақұмық жармасы, 100 мың литр өсімдік майы, 50 мың сүт консервісі жеткізіледі.

Гуманитарлық жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз ету Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Тәжікстанға көмек жіберетіні белгілі болған.