Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – СІМ

0
712

Еске салсақ, 2 тамыз күні АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ұшып келді.


Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – СІМ

ERNUR.KZ. Қазақстан "бір Қытай" саясатын ұстанады, деп жазады Sputnik. kz.

"Қазақстан "бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды", – деп хабарлады СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ол Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысын сақтауды, бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы қарарын ұстануды жақтайтынын атап өтті.
"Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуге тиіс деп ойлаймын", - деп толықтырды Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 2 тамыз күні АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ұшып келді. АҚШ әкімшілігі Бейжіңді "бір Қытай" саясатынан қол үзбейтіндігіне сендіргенімен, бірақ спикер өзі шешім қабылдайтынын айтып, сапардан алыстады.

ҚХР аралды өзінің провинциясы деп санайды және Тайбэй өкілдерінің қазіргі шенеуніктермен, әсіресе жоғары лауазымды тұлғалармен немесе Бейжіңмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің әскери қызметкерлерімен кез келген байланысына әрқашан қарсы.