Метеостансаларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал.
ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстанның тау өзендері бойынша биылғы суару кезеңіне арналған гидрологиялық болжамын ұсынды, деп жазады inform.kz.
«Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы тау өзендері үшін алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткіші 2023 жылғы 1 қазан-2024 жылғы 1 сәуір аралығындағы ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашынның жалпы көлемінен құралады», — деді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова орталық коммуникациялар қызметінде.
Жерді қашықтан зондтау суреттеріне сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі: Жамбыл облысы бойынша — 2%, Түркістан облысы бойынша — 2%, Алматы облысы бойынша — 14%, Жетісу облысын бойынша — 18%, Абай облысы бойынша — 9%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 63%.
Метеостансаларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал.
«Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан кейін қатты су тасқыны орын алуы мүмкін», — деді Қазгидромет өкілі.