​"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы S&P Global Sustainability Yearbook құрамына енген алғашқы қазақстандық компания болды

0
148

2025 жылы оған 2024 жылдың қорытындысы бойынша S&P Global бағалаған 7690 компанияның 780-і кірді.


​

фото:"Қазақстан темір жолы"

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ беделді S&P Global Sustainability Yearbook 2025-ке қосылып, осы мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық компания болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Sustainability Yearbook Member - бұл 2004 жылдан бері тұрақты дамудың тамаша нәтижелерін көрсететін және экологиялық, әлеуметтік пен басқару аспектілерін қоса алғанда, ESG факторларын тиімді басқаратын компанияларға берілетін беделді мәртебе.

2025 жылы оған 2024 жылдың қорытындысы бойынша S&P Global бағалаған 7690 компанияның 780-і кірді. ҚТЖ ұсынылған "Көлік және көлік инфрақұрылымы" саласында атап өтілгендердің қатарына 198 компанияның 28-і енгізілген. Олардың арасында Canadian National Railway Company, Union Pacific Corporation сияқты және т.б. танымал компаниялар бар.

ҚТЖ-ның Sustainability Yearbook-қа қосылуы компанияның Қазақстанда да, халықаралық аренада да ESG саласындағы көшбасшылығын растайды. Бұл Компанияның орнықты даму қағидаттарына, ашық басқаруға және корпоративтік өзара іс-қимылдың жоғары стандарттарына адалдығын көрсетеді.

S&P Global Sustainable 1 корпоративтік өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы, аға директоры Роберт Дорнау:

"Біз "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ны S&P Global Sustainability Yearbook 2025-ке енгізілуімен құттықтаймыз. Компанияларыңыздың тұрақты даму қағидаттарына адалдығы және қол жеткізілген нәтижелер туралы ашық ақпарат оны 62 саланың 7690 астам ұйымынан тұратын ұқсас салалық компаниялардың арасынан айшықтап тұр. Бұл мәртебеге тек 780 компания ие болды".

S&P Global Sustainability Yearbook 2025-ке кірген компаниялардың толық тізімі мына сілтеме бойынша қол жетімді: Толығырақ.