Қазақстан төлқұжаттардың жаһандық индексінде бір саты көтерілді

0
531

Рейтингте әлі де Сингапур мен Жапония көш бастап отыр.


Қазақстан төлқұжаттардың жаһандық индексінде бір саты көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстан әлемнің «мықты» төлқұжаттар рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Рейтингте әлі де Сингапур мен Жапония көш бастап отыр. Бұл елдердің азаматтары COVID-19-ға байланысты уақыт шектеулерін ескермегенде 192 мемлекетке бара алады. Екінші орынды 190 ұпаймен Германия мен Оңтүстік Корея бөлісті. Үздік үштікті Финляндия, Италия, Люксембург және Испания 189 ұпаймен тұйықтады.

Одан әрі Австрия, Дания, Нидерланды және Швецияның төлқұжаттары 188 ұпаймен жайғасқан. Жақында коронавирусқа қатысты барлық шектеулерді алып тастаған Ұлыбритания қазір елдер арасында 187 ұпаймен 5-ші орында, АҚШ 186 ұпаймен бір орын қалыс қалды.

Қазақстан төлқұжаттардың жаһандық рейтингінде 75 балл жинап, бір сатыға – 70-тен 69-ға көтерілді, бұл қазақстандықтардың 75 мемлекетке елеулі шектеулерсіз бару мүмкіндігін көрсетеді. Беларусь 68 ұпаймен 77 орында. Ресей Украинадағы әскери қақтығысқа байланысты қазіргі рейтингте 46-дан 49-ға түсіп қалды. Ресей паспорты 117 елге визасыз баруға мүмкіндік береді. 115 ұпаймен грузин паспорты бір саты төменде тұр. Украина 143 ұпаймен 34-ші орында, Қырғызстан – 81-ші және Өзбекстан - 87-ші орында. Әзербайжан - 75-ші, Армения - 79-шы орында.

Тізімдегі соңғы орындарды Сирия, Ирак және Ауғанстан иеленді, олардың төлқұжаттары тек 30-дан аз мемлекетке кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.