"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" төрағасының орынбасары парамен ұсталғаны хабарланды

0
1 929

Қылмыстық іс сотқа жолданған.


ERNUR.KZ. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасары 2 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады, деп жазады Qamshy.kz.


– Ол заңды тұлғаның құрылтайшысынан ортақ мүлікті басқару (жылу және электрмен қамтамасыз ету) бойынша ұйымның қызмет көрсету актісіне қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, – деді Данияр Биғайдаров.


Бүгінде, "Бәйтерек" холдингіне кіретін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.