Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртаудың" барлық міндеттемесін сақтайды

0
854

АрселорМиттал Теміртау" өз клиенттері үшін сенімді серіктес мәртебесін сақтап қалады.


Қазақстан үкіметі

ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртауды" (АМТ) меншігіне алатын Қазақстан үкіметі кәсіпорынның барлық құқығы мен міндеттемелерін сақтауға міндеттеледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен компанияның бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген, деп жазады sputnik.kz.

Компанияның бизнес-серіктестеріне жолданған мәлімдеме министрліктің сайтында орналастырылған.
"Біз "АрселорМиттал Теміртаудың" барлық мүдделі тараптарын, әсіресе оның клиенттерін, мердігерлерін, жеткізушілерін мыналарға сендіргіміз келеді:
1. ArcelorMittal Temirtau-ға (Теміртаудағы болат зауытын, көмір бөлімшесін, Өркен, Ақтаудағы құбыр зауытын және ТМД елдеріндегі өкілдіктерді қоса алғанда, еншілес кәсіпорындарды қоса алғанда) қатысты барлық құқық пен міндеттемелер сақталады.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі мен АрселорМиттал Теміртау клиенттермен жеткізу келісімдерін, жеткізушілерден мердігерлердің қызметтерін қоса алғанда, тауарлар мен қызметтерді қабылдауды, қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді және АрселорМиттал Теміртаудың барлық құқықтары мен міндеттемелерін сақтауға қатысты бизнесті толық жалғастыруды қамтамасыз етеді.
3. Тапсырыстарды брондау, келісімшарттар жасасу, жөнелту, есеп айырысу және жеткізушілермен келісімшарттар жасасуды қоса алғанда, "АрселорМиттал Теміртаудың" бизнес-процестері әдеттегідей жұмыс істейді.
"АрселорМиттал Теміртау өз клиенттері үшін сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін сақтап қалуды жалғастырады және болашақта да соған ұмтылады", - делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының активтерін мемлекетке беру туралы келісімге 22 қазанда, яғни Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға дейін қол қойылғаны хабарланған болатын. Бұл туралы үкімет брифингінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын сатып алатын инвесторды таңдады, бірақ оның кім екенін әлі атамады. Бұл туралы 4 қарашада премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтқан болатын. Бұған дейін премьер-Мминистрі Әлихан Смайылов жаңа инвестор ArcelorMittal кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 млрд доллар инвестиция құюы керек деп мәлімдеген болатын.
Костенко атындағы шахтада болған трагедия
Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болған еді. Апат кезінде жер астында 252 адам болған. Жер бетіне 205 кенші шығарылды. Жоғалған адамдар үш күн бойы іздестірілді, барлығы 46 адам қаза тапты.
2023 жылдың 29 қазаны Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алу үшін аза тұту күні болып жарияланды.
Шахтадағы апаттың алдын-ала себептері – өрт және одан кейінгі метан-ауа қоспасының жарылуы. Жағдайды анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Аталған жағдай негізінде Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.