Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқарады.
Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған Президент Жарлығына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі"- делінген Президент Жарлығында.