Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы маңызды 20 құжат қабылдайды

0
1 179

29 тамыз - Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен Семей сынақ алаңы жабылған болатын.


Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы маңызды 20 құжат қабылдайды

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған семинар жұмысын бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәсмелелері жөніндегі басқармасына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді. Басқарманың белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы қатынастарды дамыту мен консультациялық механизмдерді қалыптастыруға бағытталған бірлескен жобамыз бүгін іске асып отыр. Әрине, 29 тамыз - Қазақстан үшін, Қазақстан халқы үшін еркше күн. Осыдан 28 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен Семей сынақ алаңы жабылған болатын. Сондықтан бұл семинардың да үлкен практикалық, саяси маңызы бар», - деді семинар жұмысын ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Сонымен қатар, ол Қазақстанның жаһандық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде ядролық қаудан азат әлем құру мақсатында ядролық қарудан азат аймақтарды нығайтуды және олардың географиясын кеңейтуді қолдап келе жатқанын айтты.

«Мен үшін ертең, 29 тамызда еліміздің ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі шартты ратификациялау үшін маңызды болып саналатын 20 тетік қабылдайтынын ресми жариялау зор мәртебе. Қазақстан ұзақ жылдардан бері ядролық қаруды таратпау бастамасына қолдау көрсетіп келеді және өзінің серіктестерімен тығыз ынтымақтастықты жолға қойған», - деді министрдің орынбасары.

Айта кетерлігі, екі күнге созылатын семинар жұмысына ядролық қарудан азат аймақтар, оның ішінде африкалық (Пелиндаба келісімі), латынамерикалық (Тлателолько келісімі), Оңтүстік-Тынық мұхиты (Раротонга келісімі), ортаазиялық (Семей келісімі) және Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Бангкок келісімі) аймақтары өкілдері қатысып жатыр.