Қазақстан жасөспірімдерге арналған "Спутник М" вакцинасын мақұлдады - РТИҚ

0
554

Қазақстан "Спутник М" вакцинасын пайдалануға рұқсат берген бірінші шет мемлекет болғаны хабарланды.


Қазақстан жасөспірімдерге арналған

ERNUR.KZ. Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник М" вакцинасын қолдануға рұқсат етілді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Осылайша, Қазақстан "Спутник М" вакцинасын пайдалануды мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды", - делінген хабарламада.

Қазақстан "Спутник М" вакцинасын пайдалануға рұқсат берген бірінші шет мемлекет болғаны хабарланды.

РТИҚ жасөспірімдерге арналған вакцинаның бірқатар шетелдік өндірушілер вакцинасынан айырмашылығы, "Спутник М" вакцинасы жасөспірімдерге арнайы бейімделгенін еске салды.