Қазақстан Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларды келесі жылға қалдырды

0
626

Бұл қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.


Қазақстан Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларды келесі жылға қалдырды

Жеңіс күніне орай өтетін мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді", - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.