Қазақстан жоғары лауазымды тұлғалардың ақшасын тексеретін заң қабылдағалы жатыр

0
608

Заң жобасының тұжырымдамасы "Ашық НҚА" сайтында 4 маусымға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.


Қазақстан жоғары лауазымды тұлғалардың ақшасын тексеретін заң қабылдағалы жатыр

ERNUR.KZ. Қаржы мониторинг агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын жасады, деп жазады zakon.kz.

"Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі біздің еліміз 2021 жылы Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Қазақстан Республикасын өзара бағалауының екінші кезеңіне өтуі үшін дайындығынан туындады", делінген құжатта.

Тұжырымдаманы әзірлеушілердің айтуынша, заң жобасына енгізілген түзетулер ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға тиісті тексеру шараларын белгілеуге бағытталған (ФАТФ-тың 12-ұсынымы).

Ел алдындағы жоғары лауазымды тұлғаларға саяси функциялар сеніп тапсырылған адамдар жатады, мысалы, мемлекет немесе үкімет басшылары, саясаткерлер, жоғары үкімет, сот немесе әскери шенеуніктер, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың жетекші басшылары, квазимемлекеттік сектордың басшылары және саяси партиялар.

Осы FATF ережелеріне сәйкес, Қазақстан қандай елге жататынына қарамастан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қаржылық мониторинг жүргізуі керек, делінген есептің соңында.

Заң жобасының тұжырымдамасы "Ашық НҚА" сайтында 4 маусымға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.