Қазақстанда 2024 жылы зейнетақы қорында жаңа жарна пайда болады

0
783

Бұл жинақтар азаматтардың меншігі емес және мұрагерлікке жатпайды.


Қазақстанда 2024 жылы зейнетақы қорында жаңа жарна пайда болады

ERNUR.KZ. Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорына көбірек аударады. 1975 жылдан кейін туған әрбір қызметкер үшін басшылық ай сайынғы табысының тағы 1,5 пайызын аударуға міндетті болады, деп жазады stan.kz.

Жаңа жарна да үнемі артып отырады. 2028 жылға қарай шегерімдердің көлемі 5%-ға жетеді. Жеке кәсіпкерлер келесі жылдан бастап 7% төлейді, ол 2028 жылға қарай айына 19% дейін өседі.

Бұл жинақтар азаматтардың меншігі емес және мұрагерлікке жатпайды. Оларды баспанаға немесе емге жұмсауға болмайды. Ақша әрбір қызметкердің зейнетке шыққанына дейін зейнетақы шотында сақталады. Сарапшылар қосымша шегерімдерді негізді деп санайды. Бірақ кейбір жұмыс берушілер бұл ақшаны өз қызметкерлерінің жалақысынан ұстайтыны да жоқ емес.

“Бұл көпшіліктің зейнетақы шоты 1 миллион теңгеден аспағандықтан жасалды. Зейнетақы шотында көбірек ақша болуы керек. Бұл жалақы мөлшеріне әсер етуі мүмкін”, – деді тәуелсіз қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкерлер жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына қарсылықтарын білдірген еді. Кәсіпкерлердің айтуынша, жарна енгізілсе, елде көлеңкелі кәсіп иелерінің саны артады.